10 Қырқ 2020
Материал Мектеп-гимназия

Біз туралы

Атырау қаласындағы №31 мектеп- гимназия мұғалімдердің кәсіптік мәдени, шығармашылық өсуін қамтамасыз ету, педагогикалық қызметтің жаңа мазмұны, технологияларын және әдістерін меңгерту, пән шеңберінде жаңашылдық қызмет ұйымдастыру, табысты педагогикалық тәжірибені анықтау, насихаттау және мектеп жұмысының тәжірибесіне енгізуге бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Қабырғасы 2003 жылы бастап қаланған, білім ұясынан он төртінші түлектерін ұшырған бұл мектеп қаладағы шоқтығы биік білім ордаларының бірі. Жүз жеті мұғалімі бар педагогикалық ұжымды Кереев Ғаділжан Хисметұлы басқарады. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, Қазақстанның гүлденуіне, білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің қатары жылдан-жылға көбеюде. Білім саласындағы жаңалықтар, жетістіктер мен ұстаздардың озат тәжірибесін бір-бірінен үйренуде, ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде аталған білім ұясында жетістіктер мол. Мектептің шұғылданатын проблемасы: Нәтижеге бағытталған білім процесіне заманауи педагогикалық технологияларды білім қызметтілігінің бір бағыты ретінде енгізу.